Камавинганың шедеврі, екі қызыл қағаз және маңызды үш ұпай: «Реал» Виториядан жеңіс еншіледі


Испания Ла Лигасының 31-турында мадридтік «Реал» сырт алаңда «Алавесті» 1:0 есебімен жеңіп, маңызды үш ұпай еншіледі. Жалғыз гол 34-минутта жартылай қорғаушы Эдуардо Камавинганың соққысынан кейін тіркелді.
Ойын тек есеппен емес, эмоцияға толы сәттермен де есте қалды. Алдымен бірінші таймда Килиан Мбаппе тікелей қызыл қағаз алды. Бұл оның соңғы алты жылдағы алғашқы алаңнан қуылуы болды. Екінші таймда алаң иелері де он ойыншымен қалды - 69-минутта Ману Санчес те қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Ла Лига, 31-тур
«Алавес» — «Реал» — 0:1
Гол: Камавинга, 34
Алаңнан қуылды: Мбаппе, 37 («Реал»), Санчес, 69 («Алавес»)
Бұл жеңістен кейін «Реал» 66 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Бірінші орынды 70 ұпаймен «Барселона» иемденуде. Енді Карло Анчелоттидің командасы 16 сәуір күні «Арсеналға» қарсы Чемпиондар лигасының 1/4 финалының қарымта матчына дайындалады.

Теннис
Бүгін 07:51

Хоккей
Бүгін 02:26