locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Қызылжардың жартылай қорғаушысы Ордабасыға қарсы ойнамайды

Фото: KazFootball.kz. Лука Имнадзе

Петропавлдық "Қызылжар" командасының жартылай қорғаушысы Лука Имнадзе Қазақстан Премьер-лигасының 22-ші турында шымкенттік "Ордабасыға" қарсы ойнамайды, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Хабарланғандай, 27 жастағы Имнадзе Премьер-Лиганың 21-ші турында түркістандық "Тұранмен" кездесуде алған сары қағазы ол үшін осы маусымда төртінші болды. Осылайша, грузиялық жартылай қорғаушы автоматты түрде бір матчтан шеттетілді.

Осы маусымда "Қызылжар" сапында Лука Имнадзе 19 матч өткізіп, үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Естеріңізге сала кетейік, "Қызылжар" - "Ордабасы" матчы бүгін, 3 қазанда, Астана уақыты бойынша сағат 14:00-де басталады.