«Қызылжар» әйелдер Премьер-лигасында «Ұлытаудан» басым түсті
Футбол
21 сәу 2025
03:50

Абылай Сеитов
Журналист

ФОТО: ФК «Қызылжар»
Қазақстан әйелдер Премьер-лигасының екінші турында «Қызылжар» командасы «Ұлытауды» 1:0 есебімен жеңіп, маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Жалғыз голды 69-минутта Әсел Кубесова соғып, өз командасына аса маңызды үш ұпай әкелді.
Бұл нәтиже «Қызылжардың» турнирлік кестеде жетінші орынға көтерілуіне жол ашты. Команда алғашқы ұпайларын еншілесе, «Ұлытау» әлі де ұпайсыз қалуда.
Танымал жаңалықтар

Теннис
Бүгін 07:51

Хоккей
Бүгін 02:26
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек