Қыз зорлады деп айыпталған Дани Алвес ресми түрде ақталды
Футбол
28 нау 2025
07:05

Наурызбай Қанатұлы

Фото: gettyimages
Дани Алвес түрме жазасын алған іс бойынша ақталды.
2024 жылдың ақпанында «Барселона» мен Бразилия құрамасының экс-футболшысы жыныстық зорлық-зомбылық іс бойынша 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бүгін Каталонияның Жоғарғы Соты футболшының шағымын қанағаттандырды, делінген органның баспасөз хабарламасында.
Мәлімдемеде заң инстанциясы «2022 жылдың желтоқсанында Барселона түнгі клубындағы жас әйелге қатысты жыныстық қылмыс жасағаны үшін сотталған футболшының шағымын бірауыздан қанағаттандырды» делінген.
Бразилиялық футболшы 2024 жылы 1 млн еуро кепіл ақша беріп, уақытша түрмеден босатылған еді.
Ал оған дейін түнгі клубта қыз зорлағаны үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған.
Танымал жаңалықтар

Теннис
Бүгін 07:51

Хоккей
Бүгін 02:26
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек