locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Иван Ракитич Барселона ойыншыларының жұмысқа деген көзқарасын сынға алды

"Барселонаның" және Хорватия құрамасының бұрынғы ойыншысы Иван Ракитич "Барселона" ойыншыларының жұлдызға айналғанын сынады. Ол команданың ойынына ойыншылардың шектен тыс эгосы әсер етті деп есептейді.

«Барселонада біз ең көп жүлделерге қол жеткізе алмадық және футболдан басқа барлық нәрселерді ойладық.Ойларымыз футболда болмағандытан жақсы ойнай алмадық. Біз «Ромаға» және «Ливерпульге» қарсы оларды менсінбегеніміз үшін ұтылып қалдық, мен өзімізді тым жоғары сезінгенімізге сенімдімін».

Еске сала кетейік, хорватиялық жартылай қорғаушы «Барселона» сапында 2014-2020 жылдар аралығында өнер көрсетті. Қазір Иван Ракитич хорватиялық «Хайдуктың» ойыншысы.