locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Испания құрамасының капитаны Мората Еуро-2024 турнирі алдында депрессияда болғанын мойындады

ФОТО:  Getty images
Испания құрамасының капитаны Мората Еуро-2024 турнирі алдында депрессияда болғанын мойындады

10 қазан күні Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні атап өтіледі, осы күні “Милан” мен Испания құрамасының шабуылшысы өзінің қиын тәжірибесімен бөлісті. Cadena COPE радиосына берген сұхбатында Испания құрамасының капитаны Мората Еуро-2024 турнирі қарсаңында депрессиямен күрескенін ашық айтты.

“Испания — әлемдегі ең жақсы ел. Мен мансабымды аяқтағаннан кейін сол жерге ораламын, бірақ қазір бәрі оңай емес. Бұл туралы айтқанды ұнатпаймын, өйткені көпшілігі мені тек шағымданады деп ойлайды. Алайда, егер сенде депрессия мен үрейлі шабуылдар болса, сенің кім екенің, немен айналысатының немесе қалай өмір сүретінің маңызды емес. Ішінде басқа бір адаммен күн сайын, түн сайын күресіп жүргендей боласың. Испаниядан кету туралы шешім қабылдау мен үшін дұрыс болды.

Маған өте қиын болды. Енді ешқашан алаңға оралмаймын деп ойладым. Бұл туралы Симеоне, Коке және бірнеше команда мүшелері ғана білді. Теледидар мен әлеуметтік желілер көбіне шынайы емес әлемді көрсетеді. Сен үнемі белгілі бір образда болуың керек, өйткені бұл сенің жұмысың. Мен мұны көтере алмадым.

Егер менің психологым, менталдық жаттықтырушым, отбасым мен достарым болмаса… Иньеста мен Боян Кркич осындай жағдайларды бастан өткерген, бірақ менің басымнан өтеді деп ешқашан ойламадым.

Еуроға үш ай қалғанда футбол мен капитандық міндет мен үшін маңызын жоғалтты. Енді ешқашан ойнамайтын шығармын деп күмәндандым. Өз ісіңді, сүйікті ойыныңды жек көретінінді түсіну ауыр. Балаларымның алдында, көшеге шығуға ұялатынмын. Барлығы менімен футбол туралы сөйлескісі келетін, ал мен оны шыдай алмайтынмын.”

Еске сала кетейік, Мората Еуро-2024 турнирінде Испания құрамасының негізгі шабуылшысы болып, команда үшін жеңісті нәтижеге қол жеткізді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie