Испания құрамасының бапкері: "Бір нәрсені қайталауды тоқтатайық… Мәселе бізде емес"
Футбол
15 қаз 2024 03:33
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Испания құрамасының бапкері: "Бір нәрсені қайталауды тоқтатайық… Мәселе бізде емес"
Испания құрамасының бас бапкері Луис Де ла Фуэнте футболшылардың тығыз кестесі жайлы пікір білдірді.
“Құрама ойындары футболшылар үшін айына бір рет қана өтеді. Екі жылда 27 ойын. Айына бір ғана матч. Бір нәрсені қайталауды тоқтатайық… Мәселе бізде емес. Олар бұл мәселені шешіп, жауапкершілікті бізге артпайды деп үміттенемін”, — деді “Фурия Роханың” бапкері.
Айта кетейік, Испания 15 қазан, сейсенбі күні Ұлттар лигасы аясында Сербиямен кездеседі.
Бұған дейін UEFA президенті Александр Чеферин еуропалық футболдағы тығыз кестеге қатысты бірқатар ойыншылар мен бапкерлердің наразылықтары жайлы сөз қозғаған болатын.
Танымал жаңалықтар
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20