Испания Ла Лигасының президенті Хавьер Тебас нәсілшілдікке қарсы күрестегі прогресс жайлы айтты
Ла Лига президенті соңғы жылдардағы нәсілшілдікке қарсы күресте бүкіл испан футболының ілгерілеуін атап өтті:
“Винисиуспен болған жағдайдың маңызды, себебі ол қз алдында катарсиске алып келеді. Мұндай оқиғалар Барселонада Иньяки Уильямске қарсы, Кадисте Акапоға да қарсы болды. Винисиустың төңірегінде не болып жатқаны көпшілік алдында және жеке түрде талқыланады. Испания да, футбол да нәсілшіл емес - бұл тек оқшауланған жағдайлар. 15 жыл бұрын жанкүйерлер тобы осындай айқайға жол берсе, қазір көптеген көрермендер ынтымақтасуға дайын және елеулі өзгерістер орын алды. Енді келесі қадам осындай оқиғаларды тоқтату немесе азайту қалды. Бұл әлеуметтік желілерде де жазалануы керек”, - деді Ла Лига президенті.
Еске сала кетейік, бұған дейін “Реал Мадридтің” шабуылшысы Винисиус Жуниор нәсілшілдікке шағымданып, 2030 жылы Испанияда өтетін Әлем чемпионатын өткізу жайлы талқылаған болатын.
Футбол
Бүгін 05:00
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49