locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Испания чемпионатында трансгендерлерден құралған ерекше команда дебют жасады

Фото: X (twitter)

Испания чемпионатының бесінші дивизионындағы матчтар, әдетте, кең аудиторияның қызығушылығын тудырмайды, өйткені олар аймақтық лигаларда өтеді. Алайда, осы дивизиондағы бір ойын ерекше назар аударды.

Себебі, осы маусымда Каталония аймақтық лигасында ФК “Феникс” деп аталатын ерекше команда пайда болды, ол толығымен трансгендер ойыншылардан құралған.

Алғашында қыз болып дүниеге келген бұл ойыншылар жылдар бойы ерлермен тең дәрежеде ойнау құқығын алу үшін күрескен болатын, және олар ақыры бұл мақсаттарына жетті.

“Мен қыздар командасында ойнаған ұл болдым, бірақ құжаттарым өзгертілмегендіктен, ұлдармен ойнауға рұқсатым болмады. “Феникс” - бұл тек транс-жігіттерге арналған команда, бірақ менің ойымша, бұл тек команда емес, бұл - отбасы, өзіңді еркін сезінуге және өзіңді қалай сезінсең, солай білдіруге болатын қауіпсіз орын,” — деп бөлісті команданың 24 жастағы ойыншысы Уго Мартинес.

ФК “Феникс” үшін алғашқы матч сәтсіз аяқталды, команда 0:19 есебімен жеңіліс тапты. Алайда, бұл футболшылар үшін нәтиже екінші орында қалды.