Ислам Чесноковқа қай елден қызығушылық бар екені анықталды
Костанайлық "Тобол" мен Қазақстан құрамасының вингері Ислам Чесноковтың агенті Ярослав Зварич 25 жастағы футболшының алдағы маусымда қай елдің чемпионатына ауысуы мүмкін екені жайлы айтты. Бұл туралы Legalbet.kz сайты хабарлады.
"Негізгі бағыт - Еуропа. Польша мен Шотландия клубтарының екі-үш нұсқасы бар. Әзірге олардың атауын атай алмаймын", - деп бөлісті Зварич сұхбатында.
Ислам Чесноков "Тобол" сапында 2023 жылдың ақпан айынан бері өнер көрсетіп келеді. 2024 маусымында ол 29 матчта 11 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. QFL Премьер-лигасының 2024 жылғы маусымының қорытындысы бойынша Чесноков үздік бомбардирлердің бірі атанып, бұл атақты "Қайрат" сапындағы Жоао Пауло мен "Атыраудың" ойыншысы Николай Сигневичпен бөлісті.
Чесноковтың "Тоболмен" келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін жарамды. Transfermarkt деректеріне сәйкес, оның трансферлік құны 800 мың еуроны құрайды.
Футзал
Бүгін 03:08
Футбол
Бүгін 02:31
ММА
Бүгін 01:34