locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Йозуа Киммих: "Аз ойын жарақаттардың санын азайтады деп сенімді айта алмаймын"

ФОТО:  Getty images
Йозуа Киммих: "Аз ойын жарақаттардың санын азайтады деп сенімді айта алмаймын"

Соңғы уақытта көптеген футболшылар мен бапкерлер УЕФА мен ФИФА-ны ойын кестесінің тым тығыздығы үшін жиі сынай бастады. Әсіресе, бұл сындар “Реал” мен “Манчестер Сити” өкілдерінен жиі естіледі. Алайда, “Бавария” жартылай қорғаушысы Йозуа Киммих керісінше пікір білдірді.

“Мүмкін, мен бұл сөздерім үшін танымал болмайтын шығармын, бірақ маған матчтардың көп болғаны ұнайды. Футболда жарақаттар әрдайым болған және болады. Командалардың құрамы да көбейіп жатыр, ойыншыларды жиі ауыстыруға мүмкіндік бар. Аз ойын жарақаттардың санын азайтады деп сенімді айта алмаймын. Көптеген ауыр жарақаттар жиі кездейсоқ орын алады”, — деді Киммих.

Айта кетейік, өткен демалыс күндері “Реал” қорғаушысы Дани Карвахаль ауыр жарақат алып қалды. Қорғаушы үшін маусым аяқталды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie