locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Интер» «Лациоға» қарсы ойынның соңғы минутында жеңісті де, А Сериясындағы бірінші орынды да жіберіп алды

«Интер» «Лациоға» қарсы ойынның соңғы минутында жеңісті де, А Сериясындағы бірінші орынды да жіберіп алды
ФОТО: Getty Images

Мамырдың 18-нен 19-на қараған түні А Cериясының 37-турының ойыны өтті, онда миландық «Интер» римдік «Лационы» қабылдады.

Бірінші таймға қосылған уақыта есеп ашылды – «Интердің» қорғаушысы Янн Биссек айып алаңының сыртынан жоғарғы бұрышқа дәл соққы жасады. «Бүркіттердің» испандық шабуылшысы Педро 72-минутта таразы басын теңестіре алды. 80-минутта «Интердің» тағы бір қорғаушысы Дензел Дамфрис гол соғып, барлығы олардың жеңісіне қарай бет алды. Бірақ соңғы минутта Педро пенальтиді сәтті орындап, дубль жасады.

Осылайша, «Интер» ойынның соңғы минутында жеңістен де, А Сериясындағы бірінші орыннан да айырылды. Команданың чемпионаттағы тікелей бәсекелесі «Наполи» «Пармамен» тең түсті (0:0). Соңғы турда миландық клуб «Комомен» ойнаса, неаполитандықтар «Кальяриді» қабылдайды.

А Сериясы. 37-тур. 18 мамыр

«Интер» - «Лацио» - 2:2

Голдар: Биссек, 45+2, Дюмфрис, 80 - Педро, 72, 90 (пенальти).

ФОТО: ФК Интер
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie