Иниго Мартинес жарақатынан айығып «Боруссияға» қарсы ойнауға дайын
Футбол
07 сәу 2025 13:13

Азат Максутбек

ФОТО: Getty images
«Барселонаның» орталық қорғаушысы Иньиго Мартинес «Атлетико Мадридке» қарсы бөксе аймағынан жарақат алған соң толық жаттығуға оралды. Ол Чемпиондар лигасының 1/4 финалының Дортмундтық «Боруссияға» қарсы бірінші ойынында ойнауға жарамды болады деп күтілуде.
«Иньиго «Боруссияға» қарсы ойынға дайын болады деп үміттенеміз» - деді клуб өкілі. Оның оралуы команданың қорғанысын күшейтеді.
Дани Ольмо да қалпына келуді жалғастыруда және қарымта матчта ойнауы мүмкін, ал Марк Касадо мамырға дейін оралады деп күтілмейді.
Команда сәуірдің 9-нан 10-на қараған түні Астана уақытымен түн ортасында өтетін «Боруссиямен» маңызды матчқа дайындықты жалғастыруда.
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 06:03

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек