Илья ОБЛОМОВ: “Біздің ойымызша, пенальти қате белгіленген”
Ресейлік бұрынғы төреші Илья Обломов өзінің “Але, рэф!” атты телеграм-арнасында Қазақстан Премьер-Лигасының кейінге қалдырылған “Астана” мен “Атырау” арасындағы матчындағы даулы жағдайды (3:2) түсіндірді.
Судья Рустам Омаров қосымша уақыттың соңғы минуттарында “Атырау” қақпасына пенальти белгіледі.
“Қол денеге барынша жақын, дерлік жабысып тұр. Шынтақтан сәл бүгілген, бірақ бұл қалыпты жағдай. Сондай-ақ, допқа қарай қолдың қозғалысы жоқ. Қолдың қозғалысы доп тигеннен кейін ғана бар. Бірақ бұл да пенальти белгілеуге себеп емес. Біздің ойымызша, пенальти қате белгіленген. Сондай-ақ ВАР-дың араласуы да қате. Видео төрешінің араласуына негіз жоқ. Келісесіздер ме? Әлде бұл эпизодта мен көрмей тұрған бір нәрсе бар ма?”, – деп жазды сарапшы.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52