locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Илкай Гюндоган бір жылдан кейін Ман Ситиге қайта оралуы мүмкін

«Манчестер Сити» Илкай Гюндоғанның айналасындағылармен байланысқа шығып, қайта оралуы мүмкіндігін көтерді.

“Сити” мен Пеп Гвардиола бұрынғы ойыншыны қайтарып алуға дайын. “Барселона” жалақы қорын босату үшін Илкай Гюндоғанның осы жазғы трансфер терезесі кезінде кеткенін қалайды.

Гюндоғанға Сауд Арабиясы, Қатар және басқа да клубтар қызығушылық танытып отыр. Еске салайық, Илкай Гюндоган 2023 жылдың жазында “Манчестер Ситиден” еркін агент ретінде “Барселонаға” ауысты.