Игорь Шацкий: "Сабыр сақтап, ойынымыздың сапасы бойынша жұмыс істеуіміз керек"
Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий Ұлттар Лигасында Словениядан 0:1 есебіменжеңілгеннен кейін өз пікірімен бөлісті.
“Тең есепті сақтау үшін бізге гол соғу керек еді. Әрине, қарсылас (Млакар) қақпаға дәл соққы жасады. Бұл бір сәтсіз жағдай болды. Жалпы, біз нашар ойнамадық деп ойлаймын. Гол соғуға лайық болдық. Норвегиямен өткен ойынды есепке алсақ, бұл матч сапалырақ болды деп санаймын. Біз әр ойын сайын қарқын қосып келеміз. Жаңа деңгейге көтерілдік және әзірге бізге ауыр тиіп жатыр. Үйрену үшін уақыт қажет. Қарсыластар өте мықты. Сабыр сақтап, ойынымыздың сапасы бойынша жұмыс істеуіміз керек. Психологиялық тұрғыдан да жетілу қажет”, – деп Шацкийдің сөзін Meta-ratings.kz корреспонденті келтіреді.
Айта кетейік, Станислав Черчесовтың командасы қатарынан үшінші рет жеңіліс тапты: бұған дейін қазақстандықтар сырт алаңда Аустрияға (0:4) және Словенияға (0:3) есе жіберген болатын. Келесі турда Қазақстан өз алаңында Австриямен кездессе, Словения Норвегиямен ойнайды. Екі кездесу де 14 қарашада өтеді.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20