Игорь ЛЕОНОВ: “Бұлай алаңнан қуу болуы мүмкін емес”
"Ақтөбе" командасының бас бапкері Игорь Леонов Қостанайдың "Тобылымен" болған сырт алаңдағы Премьер-лига матчынан кейінгі ойларымен бөлісті.
"Біз ойынды жақсы бастадық, ешқандай мәселе болған жоқ. Өзіміздің қателігімізден күлкілі гол жіберіп алдық. Ал қалғанын өздеріңіз көрдіңіздер. Алаңнан қуу... Менің ойымша, бұлай алаңнан қуу болмау керек - бұл менің пікірім. Мүмкін, солай болуы керек шығар, мүмкін... Білмеймін, шынымды айтсам, нақты айта алмаймын. Қаировқа қатысты эпизодта да қызыл қағаз беруге болар еді. Көріп отырғандарыңыздай, барлығы төрешінің ар-ұятына байланысты.
Бұл - менің пікірім. Сондай-ақ ауа райы да әсер етті деп айта аламын. Бізде техникалық футболшылар жиналған... Бірақ кез келген ауа райында ойнау керек және бейімделу керек. Көріп отырғандарыңыздай... Енді, үйімізге қайтып, алдағы финалға 29 қыркүйек күні өтетін финалға дайындаламыз. Бұл маусымның ойыны деп ойлаймын",-дейді бас бапкер. Sports.kz спорт-порталы “Ақтөбе" клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап бас бапкердің сөзін жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, "Ақтөбе" сырт алаңда "Тобылдан" 0:3 есебімен ұтылды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52