locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Игорь Леонов: "Бірінші таймда допты бақылауда ұстадық, бірақ кездейсоқ гол жіберіп алдық"

Игорь Леонов: "Бірінші таймда допты бақылауда ұстадық, бірақ кездейсоқ гол жіберіп алдық"
Игорь Леонов: "Бірінші таймда допты бақылауда ұстадық, бірақ кездейсоқ гол жіберіп алдық"

"Ақтөбе" клубының бас бапкері Игорь Леонов Қазақстан кубогының финалдық матчы туралы пікір білдірді.

"Қиын ойын болды. Бұл ойын 50 де 50 болады деп айтқан едім. Солай болды. Ойын жайлы ештеңе айтқым келмейді. Команданы, облыс әкімін, барлық жанкүйерлерді тағы да құттықтағым келеді. Олардың осы жеңіске лайық екеніне сенемін. Бірінші таймда допты бақылауда ұстадық, бірақ кездейсоқ гол жіберіп алдық. Бұл кубок, тек бір ойын, ол ысқырықтан ысқырыққа дейін ойнайды деп айттым. Біз жеңіске жетуді қаладық: жігіттер, қала тұрғындары, жанкүйерлер. Әрқайсымызда толқу болды, бірақ алаңға шыққанда ол жоғалуы керек", – деді бапкер. Леоновтың сөзін клубтың баспасөз қызметі жеткізді.

Еске сала кетейік, жексенбі күні Ақтөбе Қазақстан Кубоыгының шешуші ойынында 2:1 есебімен жеңіске жетіп, ерік-жігерін көрсетті. Екі голды да ақтөбеліктер матчтың соңғы бөлігінде соқты, ал бірінші гол пенальтиден соғылды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie