Идрис Умаев Қазақстан азаматтығын алуға жақын
Футбол
05 жел 2024 04:18
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Фото: RunaSport
"Ақтөбенің" ресейлік шабуылшысы Идрис Умаев жақын арада Қазақстан азаматтығын алады.
Бұл туралы Aladop.kz сайты хабарлады.
Дереккөздің хабарлауынша, Умаевты натуралдандыру процесі аяқталу сатысында, ал жақын арада ресейлік Қазақстан Республикасының паспортын алады.
Айта кетейік, 25 жастағы форвардқа ҚПЛ-дың бірнеше клубы қызығушылық танытып отыр, алайда Идристің өзі "Ақтөбеде" қалуға ниетті.
Умаев ҚПЛ-да 2021 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін футболшы қарағандылық "Шахтердің" намысын қорғаған болатын. 2023 жылы Идрис "Енисейден" "Ақтөбеге" ауысты.
Қайрат Нұрдәулетов Станимир Стойловтың жанындағы Гезтепеде тағылымдамадан өтуде.
Танымал жаңалықтар