locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ибрагимович Терзичпен байланыста: Милан бапкер ауыстыруға дайындалуда

ФОТО:  Getty images

Sky Deutschland тілшісі Патрик Бергер Златан Ибрагимович Эдин Терзич пен оның агенттерімен байланысқа шыққанын хабарлайды. “Боруссия Дортмундтың” бұрынғы бас бапкері Пауло Фонсека бапкер ретіндегі қызметінен қуылса, оның орнын басуы мүмкін.

Фонсеканың бас бапкер ретіндегі болашағы “Интерге” қарсы дербиде шешіледі. Ал, Терзич “Дортмундты” баптаған сәтті маусымнан кейін шетелде жақсы беделге ие болды.

Фонсека “Милан” бас бапкері ретінде ресми 5 ойын өткізді: 2 тең ойын, 1 жеңіс, 2 жеңіліс.

Еске сала кетейік, бұған дейін Эдин Терзичке “Рома” қызығушылық танытып жатқанын хабарлаған едік.