Хвича мен ПСЖ арасындағы келісімшарт шарттары белгілі болды


"Наполи" клубыныңшабуылшысы Хвича Кварацхелияның командадан кетуге жақын.
Фабрицио Романоның әлеуметтік желіде жасаған мәлімдемесіне сәйкес, “Наполи” мен “Пари Сен-Жермен” арасындағы келісімшартқа қол қойылды. Трансфердің жалпы сомасы 70 миллион еуро және бонус ретінде қосымша төлемдер қарастырылған. Кварацхелия бес жылдық келісімшартқа отырып, жылына кемінде 8 миллион еуро жалақы алатын болады.
Алдыңғы хабарламаларда Кварацхелияның "ПСЖ"-ға көшу туралы келісім бергені айтылған. Ол бірнеше басқа тиімді ұсыныстарды қабылдамай, француз клубымен келісім жасады. Оның жаңа келісімшарты бойынша жалақысы Италиядағы қазіргі келісімінен бес есе көп болуы мүмкін. Қазіргі таңда Кварацхелияның “Наполи” клубымен келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды.
Бұл маусымда 23 жастағы Кварацхелия «Наполи» үшін барлық жарыстарда 18 ойын өткізіп, 5 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.
Манчестер Сити 18 жастағы қорғаушыны €40 миллионға сатып алу үшін Палмейрас клубымен келісімге келді.

Футбол
Бүгін 15:45

Футбол
Бүгін 15:45