Хван Йи Джо заңсыз бейнетаспаға түсіргеніне байланысты абақтыға отыруы мүмкін
Түркияның Суперлига клубы “Аланьяспор” мен Оңтүстік Корея құрамасының шабуылшысы Хван Ый Джо ірі даудың ортасында қалды.
BBC басылымының хабарлауынша, 31 жастағы ойыншы екі қызбен болған жыныстық қатынас сәттерін олардың келісімінсіз жасырын түрде түсіргені үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Даудың басталуына Хван Ый Джоның бұрынғы қызының оны қорұыту мақсатында бір видеоны жариялауы себеп болған. Футболшы қызды сотқа берді, нәтижесінде ол 3 жылға сотталды.
Алайда кейін Хванның өзіне де қарсы іс қозғалды. Екі бұрынғы сүйіктісі футболшының төрт мәрте жыныстық қатынас жасаған сәттерін рұқсатсыз түсіргенін мәлімдеді. Кеше Сеулде осы іске қатысты сот отырысы өтті, онда Хван Ый Джо өз кінәсін мойындап, футбол мансабына назар аударуға уәде берді. Сот үкімі әлі шыққан жоқ.
Оңтүстік Корея футбол федерациясы Хван Ый Джоны ұлттық құрамадан біржола шеттеткенін мәлімдеді. Бұған дейін ол құрама сапында 62 матч өткізіп, 19 гол соққан.
Ағымдағы маусымда Хван Ый Джо Түркия Суперлигасында 3 матчта 2 гол соқты. Еуропада ол “Бордо”, “Норвич” және “Олимпиакос” клубтарында ойнады. Сондай-ақ, ол “Ноттингем Форест” клубымен келісімшарт жасасқан, бірақ бірде-бір матчқа қатысқан жоқ.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20