locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Хоккейден Қазақстан құрамасы жақын арада Олимпиада-2026 ойындарына іріктеуді бастайды

Хоккейден Қазақстан құрамасы жақын арада Олимпиада-2026 ойындарына іріктеуді бастайды

Қазақстан хоккей құрамасы Олимпиада-2026 ойындарына жолдама алу үшін шешуші матчтарға дайындалуда. Осы аптада команда әлемдік аренаға жол ашатын маңызды ойындарға қатысады. Іріктеу ойындары 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Братиславада өтеді. Қазақстан құрамасы Словакия, Венгрия және Австрия командаларымен кездесіп, Олимпиада-2026 жолдамасын сарапқа салады.

Турнир форматы бойынша тек топтағы жеңімпаз команда ғана Олимпиада-2026-ға өтеді. IIHF әлемдік рейтингінде Словакия құрамасы 9-орында, одан кейін Австрия 13-орын, Қазақстан 15-орын және Венгрия 18-орында тұр. Командалар бір-бірімен айналмалы жүйеде ойнайды. Ұпайлар келесідей бөлінеді:

1.Негізгі уақытта жеңіс — 3 ұпай, 2.Овертаймда немесе буллит сериясында жеңіс — 2 ұпай, 3.Овертаймда немесе буллит сериясында жеңіліс — 1 ұпай, 4. Негізгі уақытта жеңіліс — 0 ұпай.

Овертайм 3-3 форматында 5 минут бойы өтеді. Буллит сериясында әр команда 5 реттен соққы жасайды. Егер ойындардың қорытындысы бойынша командалар бірдей ұпай жинаса, жеке кездесуінде жеңген команда жоғары орынға шығады.