«Хоффенхайм» — «Боруссия Дортмунд» — 2:3. «Аралардың» керемет камбэгі. Голдар және матчқа бейнешолу


26 сәуір күні Зинсхаймде (Германия) Бундеслиганың 31-турындағы тартысты кездесу аяқталды. Жергілікті «Хоффенхайм» өз алаңында дортмундтық «Боруссиядан» 2:3 есебімен жеңілді.
Матчтың бірінші таймында алаң иелері алғаш болып есеп ашты — голдың авторы Адам Гложек. Екінші таймда 61-минутта Серу Гирасси есепті теңестірді, ал 74-минутта Юлиан Брандт дортмундтықтарды алға шығарды. Алайда «Хоффенхайм» берілмей, 90+1-минутта Павел Кадержабек есепті қайта теңестірді. Дегенмен соңғы секундтарда Вальдемар Антон жеңіс голын соғып, «Боруссияға» маңызды үш ұпай сыйлады.
Айта кетерлігі, бірінші таймда Гирасси 34-минутта пенальтиден мүлт кеткен болатын. Бұл сәт ойын тағдырын ертерек шешуі мүмкін еді.
Бұл жеңістен кейін «Боруссия» 48 ұпай жинап, Бундеслига турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді және Конференциялар лигасы аймағына енді. Ал «Хоффенхайм» 30 ұпаймен 15-орында қалды.
Бундеслига. 31-тур. 26 сәуір
«Хоффенхайм» — «Боруссия Дортмунд» — 2:3
Голдар: Гложек, 61; Кадержабек, 90+1 — Гирасси, 61; Брандт, 74; Антон, 90+5.
Матчқа бейнешолу:

Футбол
Бүгін 01:42

Бокс
Бүгін 01:19

Теннис
Кеше 23:15