locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Хесус Навас: "Желтоқсан айында мансабымды аяқтауды жоспарлап отырмын"

ФОТО:  Getty images
Хесус Навас: "Желтоқсан айында мансабымды аяқтауды жоспарлап отырмын"

"Севилья" капитаны және Испания құрамасының бұрынғы ойыншысы Хесус Навас жарақатына байланысты осы қыста мансабын аяқтауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

"Желтоқсан айында мансабымды аяқтауды жоспарлап отырмын, себебі жамбас буынының артриті мені төрт жылдан бері мазалап келеді. Бұл мәселе маған өте көп ауыртпалық тудырады және жағдай күннен-күнге нашарлап барады. Ойындардан кейін үш күн жүре алмай қаламын... Соңғы алты ай мен үшін үлкен сынақ болды", – деп бөлісті Навас.

Хесус Навас -"Севилья" клубының түлегі, 2003 жылдан бері осы клубта өнер көрсетеді. 2013-2017 жылдар аралығында ол "Манчестер Сити" сапында өнер көрсетті, кейін туған клубына оралды.

Айта кетейік, осы жазда Навас халықаралық мансабын Еуропа чемпионы ретінде аяқтаған болатын.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie