locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Хедира – үлкен футболға оралу туралы: “Мен қайтып келер едім, бірақ құр қол шоқпар болғым келмейді”

Футбол 04 қара 2024 14:53
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Фото: издание Чемпионат

Мадридтік “Реалдың”, туриндік “Ювентустың” және Германия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Сами Хедира мансабын аяқтағаннан кейін немен айналысып жүргенін айтып, үлкен футболға оралу мүмкіндігін жоққа шығармады.

“Менің жаңа өмірім – кофе сату. Футболға қайтар едім, бірақ құр қол шоқпар болғым келмейді”, – деді Хедира.

Еске салайық, 2014 жылы Хедира Германия құрамасы сапында Әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ ол “Штутгарт” сапында Германия чемпионы, Мадридтік “Реал” сапында Испания чемпионы және “Ювентус” сапында бес дүркін Италия чемпионы болды.

Сонымен қатар, 2013/2014 маусымында жартылай қорғаушы мадридтік клубпен бірге Чемпиондар Лигасын жеңіп алды. Неміс ойыншысы 2021 жылдың жазында жарақаттарының жиілеуіне байланысты кәсіби мансабын аяқтағанын жариялады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie