locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Хаверц және Сака ойынды жүргізді. Арсенал сенімді түрде Вулверхэмптонды жеңді

Хаверц және Сака ойынды жүргізді. Арсенал сенімді түрде Вулверхэмптонды жеңді

17 тамыз Англия чемпионатының 1 тур аясында 4 ойыны өтті.

"Арсенал" өзінің стадионында "Вулверхэмптонды" 2:0 есебімен жеңді. Бірінші таймда неміс футболшысы Кай Хаверц клубты алға жетеледі, ал ойынның екінші бөлігінде Букайо Сака нәтижені тіркеді. Лондондықтар еш қиындықсыз турнирлік кестеде алғашқы ұпайларын алды.

"Эвертон" өз алаңында "Брайтоннан" ойсырата жеңілді. "Шағалалар" бірінші болып гол соқты, 66 минутта Эшли Янг қызыл қағаз алған соң "Эвертонды" қыса бастады. Ойынның соңғы минутында төреші "шағалалардың" төртінші голын есепке алмады. Қонақтар сапында Митома, Велбек және Адингра голмен көзге түсті.

"Ноттингем Форест" және "Борнмут" арасындағы ойын тең нәтижемен аяқталды. Алаң иелері 23 минутта гол соғып, бірінші таймды өз пайдасына еншіледі. Қонақтар 87 минутта жауапты голды соғып ойынды тең нәтижеге жеткізді.

"Ньюкасл" ойыншысынан айырылсада өз алаңында "Саутгемптонды" минималды есеппен жеңе алды. Бірінші таймда Жоэлинтон жалғыз голды соқты.

Англия чемпионаты. 1 тур, 17 тамыз

Арсенал - Вулверхемптон - 2:0

Голдар: Хаверц, 25. Сака, 74

Эвертон - Брайтон - 0:3

Голы: Митома, 26. Велбек, 56. Адингра, 87
Қызыл қағаз: Янг, 66

Ноттингем Форест - Борнмут - 1:1

Голдар Вуд, 23 - Семенио, 87

Ньюкасл - Саутгемптон - 1:0

Голдар: Жоэлинтон, 45
Қызыл қағаз: Шер, 28