locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Хавьер Тебас ойыншылардың денсаулығы үшін футбол күнтізбесін қысқарту жайлы сөз қозғады

ФОТО:  Getty images
Хавьер Тебас ойыншылардың денсаулығы үшін футбол күнтізбесін қысқарту жайлы сөз қозғады

Ла Лига президенті Хавьер Тебас футбол күнтізбесінің тым шамадан тыс болып кеткенін айтты.

"Бұл - математикалық мәселе. Екі қосу екі бұл — төрт және бұны ешқашан екі қосу екі алты болатындай етіп жасау мүмкін емес.

Біз ойыншылардың мұндай қарқынды ойын ритміне шыдай алмайтын психологиялық жағдайын ескермейміз. Күнтізбені ФИФА жасайды, және оны шешуді де ФИФА табуы керек.

Біз кейбір турнирлерді қысқарту керек деп санаймыз, ал кей жағдайларда оларды мүлдем алып тастау қажет", — деді Ла Лиганың президенті.

Айта кетейік, бұған дейін жаттықтырушылар мен футболшылар тығыз кестеге байланысты ереуілге шығуға дайын деген қауесеттер тараған еді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie