Харри Кейннің тағы бір рекорды. Ағылшындық екінші маусым қатарынан Бундеслиганың үздік сұрмергені атанды.
Футбол
17 мам 2025
14:28

Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор

ФОТО: Getty Images
Мюнхендік «Баварияның» ағылшын шабуылшысы Харри Кейн Бундеслиганың 2024/25 маусымындағы үздік сұрмергені атанды.
Форвард Германия чемпионатында 31 матчта 26 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді. Ағылшындық бұл атақты Бундеслигадағы алғашқы екі маусымында екі рет жеңіп алды – бұл чемпионат тарихында бірінші рет орын алып отыр. Өткен маусымда Кейн 36 гол соқты.
Үздік үштікке дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Серу Гирасси мен леверкузендік «Байердің» шабуылшысы Патрик Шик кірді - екі ойыншыда да 21 гол бар, бірақ Гирассиде бес ассистке көп.
Бундеслиганың 2024/25 маусымындағы толық нәтижелері мына сілтеме бойынша қолжетімді.
Танымал жаңалықтар

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек