locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Харри Кейн Уэйн Руниді басып озып, Чемпиондар лигасы тарихында ең көп соққан ағылшын ойыншысы атанды

ФОТО:  ФК Бавария

Мюнхендік “Баварияның” шабуылшысы Харри Кейн Чемпиондар лигасында ең көп гол соққан ағылшындық ойыншысы атанып, Уэйн Рунидің рекордын жаңартып, өз есімін футбол тарихында қалдырды. Кейн өзінің соңғы көрсеткішімен турнирдегі голдарының санын 32-ге жеткізіп, Рунидің 30 голын басып озды.

2024 жылдың 17 қыркүйегінде мюнхендік клуб “Динамоға” қарсы матчта Кейн төрт гол соқты және бұл көрсеткіш Рунидің жетістігін басып озуға мүмкіндік берді.

Уэйн Руни “Манчестер Юнайтедте” 13 маусым өткізіп, Чемпиондар Лигасында 85 ойынына қатысты және 30 гол соғып, 21 нәтижелі пас авторы атанып ағылшын ойыншылары арасында рекорд орнатты. Дегенмен, Кейн өзінің керемет гол соғу шеберлігін көрсете отырып, Руниден әлдеқайда аз матч өткізсе де, бұл рекордты жаңарта алды.