locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Харри Кейн «Тоттенхэмді» Еуропа лигасындағы жеңісімен құттықтады

Футбол 21 мам 2025 17:46
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Харри Кейн «Тоттенхэмді» Еуропа лигасындағы жеңісімен құттықтады
ФОТО: Getty images

22 мамырға қараған түні Лондонның «Тоттенхэм» клубы тарихи жеңіске жетіп, Еуропа лигасының финалында «Манчестер Юнайтедті» 1:0 есебімен жеңді. Бұл - клубтың соңғы 17 жылдағы алғашқы трофейі және 1984 жылдан бергі алғашқы халықаралық жүлдесі. Сонымен қатар, бұл жеңіс «Тоттенхэмге» 2025/26 маусымындағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама сыйлады.

Ойыннан кейін көп ұзамай клубтың бұрынғы капитаны, қазіргі таңда «Бавария» сапында өнер көрсетіп жүрген Харри Кейн өз әлеуметтік желісінде қысқа, бірақ шынайы жазба қалдырды: «Құттықтаймын».

Айта кетейік, Харри Кейн «Тоттенхэм» сапында үш бірдей финалда ойнап, трофейге жете алмаған болатын. Алайда биыл ол да жеке мансабындағы алғашқы жүлдеге қол жеткізді - Германия Бундеслигасында чемпион атанып, өзінің кәсіби жолындағы алғашқы титулын еншіледі.

ФОТО: IG stories Harry Kane
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie