Ханси ФЛИК: "Дани Ольмо Реалға қарсы матчқа қатысады"
Футбол
11 қаң 2025 06:18

Наурызбай Қанатұлы
sports24 сарапшы

Фото: gettyimages
Бұл туралы финал алдындағы баспасөз мәслихатында каталониялық клубтың бас бапкері Ханси Флик айтты:
"Ольмо бойынша ешқандай мәселе жоқ. Ол бақытты. Ертең ойнауы мүмкін. Қатарға оралды, 100% дайын",– дейді Ханси Флик.
"Барселона" Дани Ольмо мен Пау Викторды сот ісі аяқталғанға дейін уақытша тіркеуге рұқсат алған болатын. Бірақ бұл шешімге Испанияның бірнеше клубы наразылық білдірді.
Еске салайық, Испания суперкубогының финалы 12 қаңтар күні, Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады.
Танымал жаңалықтар

Баскетбол
Бүгін 13:40

Хоккей
Бүгін 12:07
Пікірлер
Тек тіркелген пайдаланушылар пікір қалдырып, оларға жауап бере алады