Хакими: "Оның менің ақшама құмар екенін үйленгеннен кейін екі ай өткен соң ғана түсіндім"
ПСЖ және Марокко құрамасының ойыншысы Ашраф Хакими неліктен әйелімен ажырысқаны жайлы және бар мүлікін анасының атына жазғанын түсіндірді.
«Оның менің ақшама құмар екенін үйленгеннен кейін екі ай өткен соң ғана түсіндім. Сондықтан бар мүлкімді анамның атына жаздырдым және оның ажырасуды сұрауын асыға күттім. Енді анамнан басқа ешбір әйелге сенбеймін».
2023 жылдың басында ПСЖ қорғаушысы және Марокко құрамасының ойыншысы Ашраф Хакимидің әйелі Хиба Абук ажырасуға өтініш бергені белгілі болды. Актриса Хиба Абук футболшыдан мүлкі мен қаражатының жартысынан көбін алуға тырысқан, бірақ бұл әрекетінен еш нәтиже шықпады. Себебі Хакими өз атына ажырасу кезінде бөлінетіндей ешқандай жылжымайтын мүлік тіркемеген. Ол бар мүлкін анасы Саида Мудың атына жаздырып отырған.
Хакимиден 12 жас үлкен Хиба Абук футболшымен 2019 жылы үйленген. Бұрынғы ерлі-зайыптылардың екі баласы бар.
Хоккей
Бүгін 01:50
Футбол
Бүгін 01:35