locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Хаби Алонсо «Реалға» шарт қойды: бас бапкер болу үшін үш трансфер талап етті

Футбол 30 сәу 2025 10:48
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Хаби Алонсо «Реалға» шарт қойды: бас бапкер болу үшін үш трансфер талап етті
ФОТО: Getty Images

Испаниялық маман Хаби Алонсо 2024/25 маусымы аяқталған соң мадридтік «Реалдың» бас бапкері атануы мүмкін негізгі үміткер ретінде қарастырылып отыр.

AS басылымының мәліметінше, ол клуб басшылығына нақты талап қойған - құрамды үш белгілі футболшымен күшейту.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Алонсо қазіргі командасы - леверкузендік «Байердің» екі ойыншысын сатып алуды сұрап отыр. Бұл - команда қорғанысының тірегі саналатын орталық қорғаушы Йонатан Та және шабуылшы жартылай қорғаушы Флориан Вирц. Сонымен қатар, маман мадридтік клубтың сапында «Реал Сосьедадтың» жартылай қорғаушысы Мартин Субименди де болуын қалайды.

Бұған дейін БАҚ-та 43 жастағы бапкердің «Реалмен» келісімшартқа жақын екені туралы ақпарат тараған. Мәміле маусым соңында жасалуы мүмкін.

Еске салайық, Хаби Алонсо «Байер» клубын 2022 жылы қабылдап алған болатын. Оның жетекшілігімен команда тарихында тұңғыш рет Германия чемпионы атанды. Қазіргі келісімшарты 2026 жылдың жазының соңына дейін күшінде.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie