Хаби Алонсо осы маусымның соңында Гримальдомен бірге Леверкузеннен кетеді
Хаби Алонсо 2026 жылдың маусымына дейін келісімшарты болса да, осы маусымның соңында Леверкузендік “Байерден” кетеді деп хабарлайды Eurosport Spain. Жаттықтырушымен бірге Испания құрамасының сол жақ қорғаушысы Алехандро Гримальдо да клубтан кетеді.
Бапкердің болашақ жолы айқын көрінеді – ол “Реалдағы” Карло Анчелоттидің мұрагері болу. Бірақ, бұл ақпаратқа сәйкес, егер Винсент Компани өзіне жүктелген жауапкершілікті көтере алмаса, ол “Бавариядға” өтіп қалуы да әбден мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда Хаби Алонсо «фармацевтерді» 31 жылдағы алғашқы кубогына және Еуропа лигасының финалына дейін жеткізген болатын. Ал жазда ол топ-клубтардың елеулі қызығушылықтарына қарамастан, клубта қалуды таңдады.
Футбол
Бүгін 14:28
Футбол
Бүгін 13:30