Гюндоган Германия құрамасындағы мансабын аяқтады
"Барселонаның" жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоган Германия құрамасында мансабын аяқтағанын айтты. Футболшы Еуро-2024те құрама капитаны болды.
Илкай Гюндоган ғаламтор желілерінде жанкүйерлерге үндеу жасады. Футболшы, Германияда енді ойнамайтынын айтып, барлығына қолдау үшін рахмет айтты.
"Бірнеше апта ойланғаннан кейін, мен ұлттық құрамадағы ойыншы мансабымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Мен үлкен мақтаныш сезіммен, құрамада 82 ойын өткізгенімді айта аламын - 2011 жылы ұлттық құрамадағы дебюттан кейін осыншама матч өткізетінімді елестете алмадым.
Мен үшін ең бақытты сәттердің бірі - елімізде өткен Еурода құраманың капитаны болу болды. Осыншама жылдан кейін, біз құраманы қайта мақтана алатындай еттік - мен осындай рөл атқарғаныма бақыттымын. Бірақ, мее турнирға дейінде тек денемде емес, басымдада аурулар болды. Мен ойлана бастадым, ал клуб және құрама сапындағы ойындар азая бастаған жоқ.
Мен өз құрамамды қолдаудан шаршамаймын, біздің құрама 2026 жылы өтетін әлем чемпионатын жеңуге басты үміткер болса екен деп тілеймін. Бізде ғаламат бапкер, шынымен де мықты құрама, клубтың ішкі жан дүниесі керемет.
Барлық жанкүйерлер, қызметкерлер, бапкерлер және командаластарыма осы сапарға шығарып салғаны үшін рахмет айтамын", - деп жазды Илкай өзінің Инстаграмм желісінде.
Илкай Гюндоган 11 жылда құрамада 82 ойын өткізді. 19 гол соғып, 9 ассист берді.
Гюндоган "Барсада" өткізген бір маусымнан кейін, "Ман Ситиге" оралғысы келеді. Каталондық клубпен келісімшарт 2026 жылға дейін жарамды.
Футбол
Бүгін 05:00
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49