Гвардиола Тоттенхэмнен ойсыра жеңілісіне түсініктеме берді
"Манчестер Ситидің" бас бапкері Пеп Гвардиола лондондық “Тоттенхэммен” (0:4) өткен Премьер-лиганың 12-турындағы ойсыра жеңілісі туралы айтты.
"Қазір қорғаныста әлсізбіз. Біз әдеттегідей өте жақсы бастадық, бірақ гол соға алмадық, содан кейін гол жіберіп алдық. Одан кейін біз тағы біраз гол жіберіп алдық, бұл нәтиже қазір біз үшін өте қиын.
Сегіз жылда мұндай жағдайға тап болған емеспіз. Енді біз бұл жағдайды бастан кешіріп, келесі ойындарда жеңіске жету арқылы бұзуымыз керек. Біз қазір бәрін бір жағынан көреміз, мүмкін бірнеше аптадан кейін басқаша көріп қалатын шығармыз.
Ойыншылар қиындықтарға тап болды ма? Әрине. Жеңсек қуанамыз, жеңілгенде уайымдаймыз. Бұл жақсы. Егер мен немесе олар уайымдамаса, мәселе одан сайын қиындайтын еді. Біз бұндай оқиғаға үйренбегенбіз, бірақ өмір солай. Кейде осындай нәрселер орын алады және біз оны қабылдауға мәжбүрміз. Енді орнымыздан тұрып, жұмыс жасаймыз", – деді испандық маман.
Естеріңізге сала кетейік, “қалалықтар” 2022 жылдан бері бірінші рет АПЛ-да өз алаңында жеңілді. Соңғы рет оларды Брентфорд (1:2) екі жылдан астам уақыт бұрын ұтқан болатын.
ММА
Бүгін 14:44