locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Гвардиола Спортингтен жеңілісі жайлы: "Қазір нәтижелер тұрғысынан қиын кезеңдеміз"

Гвардиола Спортингтен жеңілісі жайлы: "Қазір нәтижелер тұрғысынан қиын кезеңдеміз"
ФОТО: Getty images

“Манчестер Сити” командасының бас бапкері Хосеп Гвардиола Чемпиондар Лигасында лиссабондық “Спортингтен” (1:4) ірі есеппен жеңілгеннен кейін пікір білдірді.

“Мұндай есеппен жеңілген кезде көп нәрсе айту қиын. “Спортингті” осы жеңісімен құттықтаймын. Бірінші таймда жақсы ойнадық, бірақ өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық, ал қарсылас әр шабуылын сәтті аяқтады. Ойынды алғашқы таймда-ақ аяқтауымыз керек еді. Қазір нәтижелер тұрғысынан қиын кезеңдеміз, бірақ мен жұмысымды жалғастырып, күресуге және берілмеуге дайынмын, бұл мен үшін қызықты сынақ,” – деп Гвардиоланың сөзін BBC келтіреді.

Айта кетейік, ойынның төртінші минутында “Манчестер Сити” шабуылшысы Фоден есеп ашты. Бірінші таймның соңына қарай “Спортинг” шабуылшысы Виктор Дьёкереш тең есепке жеткізді. Ал 46-минутта Максимилиано Вильчес алаң иелерін алға шығарса, кейін Дьёкереш ағылшын командасының қақпасына тағы екі гол соқты.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie