locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Гвардиола Манчестер Юнайтедтен кеткен тен Хагқа қолдау білдірді

Гвардиола Манчестер Юнайтедтен кеткен тен Хагқа қолдау білдірді
ФОТО: Getty images

“Манчестер Сити” командасының бас бапкері Хосеп Гвардиола “Манчестер Юнайтед” клубынан Эрик тен Хагтың қызметтен босатылуына қатысты пікір білдірді. Клуб жуырда 54 жастағы маманның қызметтен кеткенін жариялады.

“Тен Хагқа өте жанашырмын, себебі бұл футболдағы ең қызықты мамандықтардың бірі. Мұндай жағдай тек бізде ғана болады, ал мұғалімдер немесе сәулетшілер үшін мұндай болмайды. Мен оған бар жақсылықты тілеймін, ол міндетті түрде мықты болып оралады. Егер нәтижелер көңілден шықпаса, сені жұмыстан шығарады. Бұл жағдайдан ешкім, тіпті мен де тыс қалмаймын”, – деп келтіреді Гвардиоланың сөзін BBC.

Эрик тен Хаг “Манчестер Юнайтед” клубының бас бапкері қызметіне 2022 жылдың жазында кіріскен болатын. Оның басшылығымен команда Англия Кубогы мен Англия лигасы Кубогын жеңіп алды. Нидерланд маманының клубпен келісімі 2026 жылдың жазына дейін жасалған еді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie