locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Грузияның талқандауы және Ирландияның камбэгі. Ұлттар лигасының B/C лигалары арасындағы бірінші плей-офф ойындарының нәтижелері

Грузияның талқандауы және Ирландияның камбэгі. Ұлттар лигасының B/C лигалары арасындағы бірінші плей-офф ойындарының нәтижелері
ФОТО: Georgian PB

20 наурыз күні кешке және 21 наурызға қараған түні УЕФА Ұлттар лигасының В/С дивизиондары арасындағы бірінші плей-офф матчтары өтті.

Армения – Грузия – 0:3

Бүгін ерте матчта Грузия сырт алаңда Арменияны ойсырата ұтып, жауапсыз 3 гол соқты. Кездесудің қаһарманы шабуылшы Гиоргис Микаутадзе болды, ол дублдің авторы атанды.

Косово – Исландия – 2:1

Косоволықтар өз алаңындағы ойында аралдықтарды минималды есеппен ұтты. Бірақ әлі ештеңе шешілген жоқ – Еуропаның ең солтүстік астанасында өтетін қарымта кездесу олар үшін ауыр сынақ болмақ.

Болгария – Ирландия – 2:1

Ойынның басында алаң иелері есеп ашты – 6-минутта Марин Петков гол соқты. Бірақ есепті ұстап тұру қиынға соқты – бірінші таймның соңына қарай Ирландия екі гол соғып, сырт алаңда жеңіске жетті.

Словакия – Словения – 0:0

Балқан дербиінің жеңімпазы анықталмады және барлығы Словения құрамасы алаңында өтетін қарымта кездесуде шешіледі.

В/С лигалары арасындағы барлық бірінші плей-офф ойындарының нәтижелері:

  • Армения – Грузия 0:3
  • Косово - Исландия 2:1
  • Болгария - Ирландия 1:2
  • Словакия - Словения 0:0

Қарымта кездесулер 23 наурыздан 24 наурызға қараған түні өтеді.

ФОТО: УЕФА

Еске сала кетейік, осыған дейін Ұлттар лигасының бірінші ширек финалдық ойындарының қорытындысын хабарлаған болатынбыз.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie