locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Григорий Бабаян Зайнутдинов туралы: Оған әлі Еуропада ойнау керек

Григорий Бабаян Зайнутдинов туралы: Оған әлі Еуропада ойнау керек
ФОТО: ФК Астана

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян журналист Ербол Қайыровқа берген сұхбатында «Бешікташ» сапында өнер көрсететін Бақтиер Зайнутдиновтың болашағы туралы айтты.

Маман Зайнутдиновтың деңгейін атап өтіп, Қазақстанға оралған соң мұндай ойыншыны алуға қуанышты болатынын айтты.

«Баха екеуміз өте жақын қарым-қатынастамыз. Мен онымен «Астанада» да, ЦСКА-да да жұмыс істедім. Мен онымен әлі де байланыстамын және оның не қалайтынын білемін. Ал егер Қазақстандағы клубтардың біріне қайта оралу мүмкіндігі болса, біз оны қуана қуана аламыз», - деді Бабаян.

Бірақ бапкер Бақтиярдың Еуропада тағы бірнеше жыл қала алатынына сендірді.

«Менің ойымша, оған Еуропада тағы төрт-бес жыл ойнау қажет. Оның бұл үшін бәрі бар. Тек денсаулығына қатысты қиындықтары бар - ол жиі жарақат алады. Бірақ мен мұны «Бешикташтың» бапкерлеріі мен басшылығын жиі ауыстыратынымен байланыстырамын. Бұл жаттығу процесіне де әсер етеді», - деп қосты маман.

Зайнутдинов 2018 жылы «Астана» сапында өнер көрсетті. Ол елордалық клуб сапында 35 матч өткізіп, алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Және клубпен бірге Қазақстан чемпионы атанып, Суперкубокты жеңіп алды.

Бұған дейін «Бешіктастың» бас бапкері Уле Гуннар Сульшер командадағы жарақат жағдайына шағымданған болатын.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie