Григорий БАБАЯН: “Төрешінің амалы қалмағаны осы кез еді”
QFL Қазақстан чемпионатының кейінге шегерілген 17-турдың кездесуінде, Елордалық “Астана” командасына “Атыраудан” 3:2 есебімен басым түсті. Тартысты ойыннан кейін “Астана” командасының бас бапкері Григорий Бабаян пікірімен бөлісті.
“Біз күткендей, өте қиын матч болды. “Атырау” әрдайым шоғырланып ойнайды, бұл олардың ойын стилі – қорғаныста шоғырланып, артынша жылдам қарсы шабуылға шығады. Бірнеше рет біз қарсыласқа ұпай алатындай қателіктер жібердік. Тығыз ойын кестесін ескере отырып, бізге тынығу, дұрыс идеялар жетіспеді. Бірінші таймда көптеген қателік болды, екінші таймда ойынды ақырындап қайта құрып, жылдам гол соқтық. Әрине, бұл жағдайда біз үшін ең бастысы – жеңіс. Бірақ бүгін төрешінің іс-әрекеті ақылға сыймайды, шектен шыққандық деген осы. Соңында оның шегінетін мүмкіндігі болмады, бір эпизодта доп алдымен “Атырау” футболшысының, содан кейін екінші ойыншының қолына екі рет тиді. Төрешінің амалы қалмағаны осы кез еді. Бірақ бұл ойынды ашық бұзу болды. Мен киім ауыстыратын бөлмеде жігіттерге айттым да, олар да команда боп бірігіп, соңына дейін ойнау керектігін сезіне білді”.
Бұл жеңістен кейін “Астана” бірінші орынға шығып, елордалықтардың екінші орыннан артықшылығы екі ұпайға ұлғайды. Ал “Атырау” жетінші орынға жайғасты.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20