locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Григорий БАБАЯН: “Әрине нәтижеге көңіліміз толмайды”

Футбол 24 қаз 2024 23:56
Марлен Аманов
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
Григорий БАБАЯН: “Әрине нәтижеге көңіліміз толмайды”
ФОТО: Getty Images

Елордалыө команда Конференция лигасының негізгі кезеңінің үшінші турында қонақта Уэльстің “Нью Сейнтс” командасына есе жіберді (0:2).

“Астана” футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаянның ойыннан кейін пікірін білдірді. Айтуынша, кездесуде ойыншылар өз мүмкіндіктерін пайдалана алмаған.

“Әрине нәтижеге көңіліміз толмайды, себебі ойын барысында біз мықтырақ болдық және қарсыласқа қарағанда жаман ойын өрнегін көрсетпедік. Бірақ жеңіске жету үшін біз өз мүмкіндіктерімізді қолдануымыз қажет, ал ондай сәттер бізде 6-7 болды. Бірінші таймда өзіміздің қателігіміздің арқасында гол соқтырып алдық. Дәл солай екінші тайм туралы айтсақта болады, өз мүмкіндіктерімізді қолдана алмай, қарымта шабуылды жіберіп алып, пенальти алып келдік соның салдарынан есеп 0:2 болды. Қайталап айтамын бізде жақсы мүмкіндіктер болды - екі рет қақпа бағанына тигізіп алдық және үш рет бірге бір сәтті қолдана алмадық. Бүгін алаңда ойнаған жігіттер өзінің барын салды, бірақ нәтижиге жету үшін гол соғу қажет немесе қорғаныста сенімді ойнау қажет еді. Біздің қолымыздан екеуіде келмеді. Екі жіберіп алған голымызда - біздің қателігіміздің салдары”.

Бас бапкер не себепті ойынға қоссалқы құрамдағы ойыншылар ғана келгенін түсіндіріп кетті.

“Біріншіден, ұзақ ұшу – біз жолға шамамен бір күн жұмсадық. Биыл чартерлік рейс алуға мүмкіндігіміз жоқ, сондықтан бізге ауысып отыратын қарапайым рейстермен баруға тура келеді. Бұл, әрине, бізді тығыз кестеге байланысты қиын жағдайға түсіреді”.

“Астана” Конференция лигасындағы келесі ойынды 7-ші қараша күні Пафосқа қарсы өткізеді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie