Григорий Бабаян: "Ертең, өткен кездесуге шықпаған 11 ойыншы ойнайды"
“Астана” командасының бас бапкері Григорий Бабаян валлийлік “Нью-Сейнтс” командасына қарсы ойын алдында неге ойыншылардың көбін Қазақстанда қалдырғаны туралы сұраққа жауап берді:
“Иә, шынымен, Алматыда ”Елімайға" қарсы ойнаған 11 футболшы қатты шаршады. Біріншіден, бізде ұзақ жол болды, сондықтан кеше жаттығу өткізе алмадық. Екіншіден, қазір клуб тарихында болмаған өте тығыз күнтізбе, оған қоса биыл чартерлік рейстердің болмауы да әсер етуде.
Бар болғаны бірнеше күн бұрын Семейде “Елімаймен” ойнадық, ал ертең Англияда ойнаймыз. Одан кейін сенбі күні елге ораламыз, ал жексенбіде “Ақтөбемен” матч күтіп тұр. Футболшылар робот емес, мұндай ауыр жүктемені ешкім көтере алмайды. Сондықтан, футболшыларды, бапкерлік құрам мен медициналық штабтың бір бөлігін Алматыда қалдыруға мәжбүр болдық. Ертең, өткен кездесуге шықпаған 11 ойыншы ойнайды, сонымен қатар бізбен бірге дубль құрамынан 6 ойыншы келді, олар үшін бұл үлкен тәжірибе.”
Естеріңізге сала кетейік, Конференция лигасының негізгі кезеңінің 1-турында “Астана” Алматыда сербиялық “ТСЦ Бачка-Топола” командасын 1:0 есебімен жеңген болатын. Сонымен қатар, “Астананың” қарсыластары қатарында португалиялық “Витория”, ағылшындық “Челси”, кипрлік АПОЭЛ және “Пафос” бар, ал “Нью-Сейнтс” ирландиялық “Шемрок Роверс”, шведтік “Юргорден”, грек “Панатинаикосы” және словениялық “Целе” командаларымен кездеседі.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52