Григорий БАБАЯН: “Біз матчты әлсіз бастадық”
Елордалық “Астана” бүгінгі “Шахтермен” кездесуде сенімді жеңіске жетті (3:0). Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында бас бапкер Григорий Бабаян өз ойымен бөлісті. Айтуынша, командасы ойынның алғашқы бөлігін әлсіз бастаған.
“Біз матчты әлсіз бастадық, алғашқы 10 минутта қарсылас қақпаға 5 соққы жасады, ойынды қайта құрып, аяқдопшыларға айтам дегенше осылай болды. Ал 10-минуттан бастап алаңда өзіміздің ойынымызды көрсете бастадық, мүмкіндіктер пайда болды, екі гол соқтық, көрсеткіш бұдан да көбірек болуы мүмкін еді, негізі”.
Ойын сәттерінің бірінде Алекса Аманович жарақат алып қалған. Алексаның орнына ойынға Александр Марочкин қосылды. Григорий Бабаянның сөзінше, тығыз ойын кестесіне байланысты әрбір ойыншы маңызды.
“Көңілге не қаяу түсірді?! Алекса Амановичтің жарақат алғаны болмаса, бәрі жақсы болады деп сенемін, өйткені бұрын-соңды болмаған өте тығыз ойын кестеміз бар. “Елімаймен” 20-на кездессек, артынша 4 күннен кейін Ұлыбританияда ойын бар. Әрбір ойыншының орны ойсырап қалатыны белгілі, бәрі керек, сонысымен де құнды”.
“Астана” Премьер-лигадағы чемпиондыққа үміткерлердің бірі. Қазіргі уақытта, турнирлік кестеде Елордалық команда 5-ші орында.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49