Григорий Бабаян: "Біз елді лайықты түрде таныттық, бірақ жеңіс үшін тонус жетіспеді"
"Астананың" бас бапкері Григорий Бабаян АПОЭЛмен (1:1) өткен Конференция лигасындағы тең ойын туралы пікір білдіріп, еурокубоктің қорытындысын жасады.
"АПОЭЛ мен "Астана" арасындағы ойындар әрдайым қиын өтеді. Матчта эмоциялар болды, біз көп күш жұмсадық. Ойын барысында біз қарсыластан кем түспедік. Бірінші таймда өте жақсы ойнадық деп ойлаймын: АПОЭЛге бос кеңістік бермей, тығыз қорғаныста тұрдық және шабуылдарды жақсы бастадық. Бізге өткірлік жетіспеді. Үзіліс кезінде футболшыларға эмоцияларын бақылауда ұстау керектігін айттым, өйткені ойын өте шиеленісті болды. Өкінішке қарай, бәрі мені тыңдай қойған жоқ. Есепті теңестіргеннен кейін бірден қызыл қағаз алдық. Ойын соңында тонус болмағандықтан, шешуші шабуылға күшіміз жетпеді. Ойынды күшейтуге мүмкіндік болмады. Әрине, жеңіске жеткіміз келді, бірақ, соған қарамастан, осындай қиын маусымды өткізген ойыншыларыма алғыс айтқым келеді. Біз елімізді лайықты деңгейде таныттық", – деді Бабаян.
Конференция лигасының топтық кезеңінің соңғы, алтыншы турында "Астана" Григорий Бабаянның жетекшілігімен Кипрде АПОЭЛге қарсы ойнады. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Нәтижесінде, астаналық команда өз тобында бес ұпай жинап, жалпы турнир кестесінде 28-орынға ие болды. Алайда, бұл плей-офф кезеңіне өту үшін жеткіліксіз болды.
АПОЭЛге қарсы өткен Конференция лигасы матчында Астананың және ойынның үздік ойыншысы анықталды.
Футбол
Бүгін 05:37
Футбол
Бүгін 04:05