locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Григорий БАБАЯН: Біртұтас жүйе болып жұмыс істегенде, голдар міндетті түрде келеді”

Григорий БАБАЯН: Біртұтас жүйе болып жұмыс істегенде, голдар міндетті түрде келеді”

Қазақстандық "Астана" клубының бас бапкері Григорий Бабаян Конференциялар Лигасының 24/25 жылғы іріктеу кезеңінің плей-оффында норвегиялық "Бранн" командасына қарсы жеңістен кейінгі баспасөз мәслихаты.

"Эмоцияларымды ұстау қиын, бірақ бұл барлық жағынан қиын матч болды. Біз өте мұқият дайындалдық. Жіберілген қателіктерді талдап, жоспар жасадық. Біз қарсыласты қысып, энергияны көп талап ететін футбол ойнауымыз керек болды. Жігіттер соңғы минутқа дейін күресті. Біртұтас жүйе секілді жұмыс істегенде, голдар міндетті түрде келеді. Футболшылар Қазақстан үшін керемет жетістікке қол жеткізді. Ойыншыларға, жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Өз алаңымызда ойнамасақ та, лайықты қолдауды сездік. Бізге ештеңеге алаңдамай жұмыс істеуге мүмкіндік берген басшылыққа рахмет. Тек бірлесе отырып, осындай жеңістерге жете аламыз. Барша Қазақстанды құттықтаймын. Бұл біздің еліміз бен "Астана" үшін үлкен бедел болып табылады. Енді топтық кезеңнің жеребесін күтеміз", - деп Григорий Бабаянның сөзін Sports.kz интернет басылымы жеткізді.

Айта кетейік, жауапты ойында "Астана" "Браннды" 3:0 есебімен ойсырата жеңді.