Григорий БАБАЯН: "89-шы минутта гол жіберіп алу өкінішті"
“Астананың” бас бапкері Григорий Бабаян португалиялық "Виторияға" қарсы матчтан кейінгі (1:1) баспасөз мәслихатында ойынға қатысты пікір білдірді.
“Бұл өте қиын матч болды, өйткені ойын алдында біз бұл кездесудің фавориті “Витория” екенін айтқанбыз. Қарсылас жоғары дәрежелі және жақсы футбол ойнайды. Бізге кейбір компоненттерде балғындық жетіспеді. Төрт күн бұрын өткізген Лига Кубогының финалдық матчында 120 минут ойнағанымызды ескерсек, ол бізге ауыр тиді. Кейбір сәттерде жолымыз болды, бірақ 89-минутта гол жіберіп алу өкінішті. Қарсыластар гол салуға лайық болды, өйткені олардың мүмкіндіктері айқын болды. Дегенмен, бізде де жақсы сәттер болды. Біз оларға қаптал арқылы қарсы шабуылдарға орын беретін биік сызықпен ойнауға дайындалдық. Бірінші таймда бізде пайдаланбаған үш мүмкіндігіміз болды. Екінші таймда бір гол соқтық, бірақ ол голдың күші жойылды”, – деді қазақстандық маман.
Естеріңізге сала кетейік, Конференция лигасының жалпы кезеңінің 4-ші турында “Астана” 89-минутта гол жіберіп алып, жеңісті қолдан жіберіп алған болатын.
Футбол
Бүгін 12:29
Футбол
Бүгін 10:30