locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Грэм Поттер: "Мен бұл ақшаны Харри Кейн мен Деклан Райсқа жұмсағанды ​​жөн көрер едім"

ФОТО:  Getty images
Грэм Поттер: "Мен бұл ақшаны Харри Кейн мен Деклан Райсқа жұмсағанды ​​жөн көрер едім"

Грэм Поттер “Челси” басшыларының алғашқы өзгерістері барысындағы ең бірінші құрбаны болды. Бапкермен бес жылдық келісімшартқа қол қойылғанына қарамастан, ағылшын маманы бар болғаны жеті айдан кейін клубтан кетуге мәжбүр болды. Бір жарым жыл үнсіздіктен Поттер алғашқы кең көлемді сұхбатын беріп, Лондон клубындағы уақытын баяндады.

"Әлем чемпионатының алдында біз алты аптаның ішінде 14 матч өткіздік. Өзімізді кір жуғыш машинаның ішінде жүргендей сезіндік – бұл туралы қызметкерлермен де осылай айтқанбыз. Ойындар бірінен соң бірі өтіп жатты, дайындалуға уақыт болмады.

Рис Джеймс пен Весле Фофананы жарақат салдарынан жоғалттық. Меніңше, Әлем чемпионатына ең көп ойыншысы қатысқан клуб біз болдық, ал турнирден кейін көп ұзамай Рахим Стерлинг пен Кристиан Пулишич те жарақат алып қалды.

Егер, сіз басқа лигалардан, маусым ортасында 300 миллион фунтқа ойыншылар сатып алсаңыз, оларды бірден бейімделіп, тұрақты ойын көрсетеді деп ойлауға болмайды.

Әрине, мұндай соманы жұмсаған кезде бапкерге де, командаға да қысым артады. Адамдар: ‘Әй, сен мына ақшаны құртып жібердің ғой’ дейді. Шынымды айтсам, мен бұл ақшаны Харри Кейн мен Деклан Райсқа жұмсағанды ​​жөн көрер едім, бірақ сол кезде шешім басқаша қабылданды.

Бұл шешімді қолдауға тырыстық, бірақ қаңтардан кейін біздің сапымызда көп ойыншы болды және оларды жіберетін орын да болмады", – деп бөлісті Поттер The Telegraph басылымына берген сұхбатында.

Естеріңізге, сала кетейік Грэм Поттер “Челси” клубының бапкері болып 2022 жылдың 8 қыркүйегінде тағайындалып, 2023 жылдың 2 сәуірінде жұмыстан шығарылды, ол бұл қызметте жеті айға жетер-жетпес уақыт қана жұмыс істеді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie