Гол жоқ - нәтиже де жоқ. Қазақстан Алматыда Аустриядан ұтылды
14 қарашада Алматыда Ұлттар лигасының В3 тобындағы 5-турдың ойыны өтті. Бұл кездесуде Қазақстан құрамасы Аустриямен күш сынасты.
Бірінші таймда қазақстандықтардың қақпасына екі гол соғылды. Сонымен қатар, 23-минутта Станислав Черчесовтың шәкірттері алаңда 10 ойыншымен қалды – қорғаушы Александр Марочкин қызыл қағаз алып, ойыннан қуылды.
Екінші таймда Қазақстан құрамасы азшылықта ойнаса да, қақпасын голдан сақтап қала алғанымен, өздері аустриялықтарға жауап қайтара алмады.
0:2 – Қазақстан құрамасы 2024/2025 жылғы Ұлттар лигасында төртінші рет жеңіліске ұшырады. Құрама қоржынында бір ғана ұпай бар, 10 гол жіберіліп, бірде-бір рет қарсылас қақпасына дәл соққы жасалмады. Аустрия 10 ұпаймен топ көшін бастады. Одан кейін Норвегия мен Словения тұр, олардың әрқайсысында 7 ұпай, алда өзара кездесу күтіп тұр.
Ұлттар лигасы. В3 тобы. 5-тур
Қазақстан — Австрия — 0:2
Голдар: Баумгартнер, 15, Грегорич, 25.
Алаңнан қуылды: Марочкин, 23’ (Қазақстан).
Қазақстан: Покатилов – Астанов, Марочкин, Қасым, Вороговский – Тағыберген, Дарабаев (Тапалов, 58) – Зайнутдинов (Пайруз, 68), Исламхан (Жұмаханов, 25), Самородов (Кенжебек, 68) – Айымбетов (Каримов, 46).
Аустрия: Шлягер – Пош (Мвене, 64), Дансо, Лиенхард, Прасс – Зейвальд, Лаймер (Зайдль, 64) – Шмидт (Вайманн, 77), Баумгартнер (Адаму, 72), Виммер (Штегер, 72) – Грегорич.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52